2025 жылғы 12 қазанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бурыл ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 7936 азамат енгізілді. Дауыс беруге қатысқан – 3411 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 26 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 2.
Бурыл ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Бекежанов Рауан Копжасарович үшін сайлаушылардың 1103 дауысы берілді,
Жұматаев Мейрамбек Әбділдаұлы үшін сайлаушылардың 2125 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 17.
Сайлау қорытындыларымен: Бурыл ауылдық округінің әкімі болып Жұматаев Мейрамбек Әбділдаұлы сайланды, 1982 жылы туған, «Қазақстан темір жолы» «Ұлттық компаниясы» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің» жетекші инженері, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Құмжота ауылының тұрғыны.
Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы