2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:

  1. 2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 9195962 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 3062474 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 48926 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 47400 мың теңге;

трансферттер түсiмі – 6037162 мың теңге;

2) шығындар – 9195962 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 66376 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 119926 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 53550 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  - 66376 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 66376 мың теңге.

Дата публикации
25 сентября 2025