Байзақ ауданы Бурыл ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидаттарға үгіт-насихат кезеңінің негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.
Кезесуге Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы А.Боранбаев, Жамбыл облыстық сайлау комиссия мүшесі М.Амангелді, Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссия мүшелері, тіркелген кандидаттар мен олпрдың сенім білдірген адамдары, Бурыл ауылдық округіне қарасты учаскелік сайлау комиссия мүшелері қатысты.
Кездесу барысында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы А.Боранбаев Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27, 28, 29, 31, 32 бабтарына түсініктеме берді.
Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Кошербаев мемлекет тарапынан кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін және баспа материалдарын дайындауға тең қаражат бөлінетінін жеткізді.
Сонымен қатар Байзақ ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы №345 Қаулысымен бекітілген Байзақ ауданы аумағында барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткiзу үшiн шарттық негізде үй жайлар мен 2023 жылғы 16 қарашадағы №342 қаулысымен бекітілген Байзақ ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар туралы ақпарат берді
Жиын соңында кандидаттар мен сенім білдірген адамдар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.