БАҒАЛАУ

БАҒАЛАУ
жобаны қабылдаудың ықтимал қоғамдық-саяси, құқықтық,
ақпараттық және өзге де салдарлары бойынша
«Жамбыл облысы Байзақ ауданының кейбір ауылдық округтерінің шекараларын белгілеу және өзгерту туралы»

  1. Қоғамдық-саяси салдарларды бағалау:

       Жоба Байзақ ауданының алты ауылдық округінің (Сарыкемер, Үлгілі, Түймекент, Бурыл, Көктал және Темірбек) шекараларын нақтылау және кеңейту мақсатында әзірленген. Бұл өзгерістер әкімшілік-аумақтық құрылымдарды жетілдіруге бағытталған техникалық сипаттағы шешім болып табылады және кең қоғамдық-саяси резонанс туғызбайды. Жоба Байзақ ауданы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсыныстары негізінде әзірленіп, тиісті келісу рәсімдерінен өткен. Қоғамдық-саяси тұрақтылыққа теріс әсер ету қаупі жоқ деп бағаланады.

  1. Құқықтық салдарларды бағалау:

        Жоба Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 2) тармақшасына толық сәйкес келеді. Ауылдық округтердің шекараларын кеңейту туралы шешім заңнамада көзделген тәртіптерге сай қабылданады. Барлық заңды рәсімдер (құжаттамалық, жергілікті қауымдастықтың пікірін ескеру, картографиялық дәлдік және т.б.) орындалған жағдайда, құқықтық тәуекелдер төмен деңгейде. Өзгерістер заңды тұрғыда орынды және негізделген.

  1. Ақпараттық салдарларды бағалау:

        Шекараларды өзгерту жобасы тұрғын үйге мұқтаж азаматтар арасында қызығушылық тудыруы мүмкін. Әлеуметтік желілер мен жергілікті БАҚ-та пікірталастар орын алуы ықтимал. Бұл ретте, дезинформацияның алдын алу және тұрғындардың дұрыс түсінуін қамтамасыз ету үшін жергілікті деңгейде белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет. Атап айтқанда, ауылдық округтер әкімдері арқылы, тұрғындар жиындарында, ресми интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде жобаның мәні мен артықшылықтарын кеңінен түсіндіру ұсынылады.

  1. Өзге де салдарларды бағалау:

       Ауылдық округтер шекараларын нақтылау және кеңейту – жер ресурстарын басқарудың тиімділігін арттырып, жер учаскелерін заңдастыру және пайдалану рәсімдерін жеңілдетеді. Бұл жер кадастрлық деректердің дәлдігін арттырып, ұзақ мерзімді кезеңде әкімшілік басқаруды оңтайландырады. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысына арналған жаңа аумақтардың ашылуы тұрғындардың әлеуметтік жағдайына оң әсер етіп, ауылдық инфрақұрылымның дамуына серпін береді. Бұл жобаның іске асуы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтып, болашақ жер дауларының алдын алуға мүмкіндік береді.

 

        Басшы                                                                                                                        Д. Утепов

 

Дата публикации
24 сентября 2025