ШЕШІМ

БІРЛЕСКЕН

  ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

 Жамбыл облысы Байзақ ауданының кейбір ауылдық округтерінің шекараларын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы

 

          «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 2) тармақшасына                    сәйкес, Байзақ ауданы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсыныстары негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы Жамбыл облысы әкімдігінің бірлескен қаулысына және Жамбыл облыстық мәслихатының шешіміне қосымшаға сәйкес Байзақ ауданының мынадай ауылдық округтерінің шекаралары (шегі) белгіленсін және өзгертілсін:

         1) шаруа қожалықтары және мемлекеттік жер қорының жер бөлігі жалпы көлемі 221,9479 гектар жерлерді Сарыкемер ауылдық округі шекараларына (шегіне) қосу жолымен, Сарыкемер ауылдық округі шекараларының (шегі) жалпы көлемі 1458,3479 гектар болып белгіленсін және өзгертілсін;

         2) шаруа қожалықтары және мемлекеттік жер қорының жер бөлігі жалпы көлемі 180,5 гектар жерлерді Үлгілі ауылдық округі шекараларына (шегіне) қосу жолымен, Үлгілі ауылдық округі шекараларының (шегі)  жалпы көлемі 709,0 гектар болып белгіленсін және өзгертілсін;

        3) шаруа қожалықтары және мемлекеттік жер қорының жер бөлігі жалпы көлемі 209,9586 гектар жерлерді Түймекент ауылдық округі шекараларына (шегіне) қосу жолымен, Түймекент ауылдық округі шекараларының (шегі) жалпы көлемі 2765,9586 гектар болып белгіленсін және өзгертілсін;

         4) шаруа қожалықтары және мемлекеттік жер қорының жер бөлігі жалпы көлемі 19,8688 гектар жерлерді Бурыл ауылдық округі шекараларына (шегіне) қосу жолымен, Көктал ауылдық округі шекараларына (шегіне) жалпы көлемі 2,2364 гектар жер бөлігін беру жолымен, Бурыл ауылдық округі шекараларының (шегі) жалпы көлемі 988,3804 гектар болып белгіленсін және өзгертілсін;

         5) шаруа қожалықтары және мемлекеттік жер қорының жер бөлігі жалпы көлемі 216,6896 гектар жерлерді Көктал ауылдық округі шекараларына (шегіне) қосу жолымен, Бурыл ауылдық округіне жалпы көлемі 5,259 гектар жер бөлігін беру жолымен Көктал ауылдық округі шекараларының (шегі) жалпы көлемі 506,7286 гектар болып белгіленсін және өзгертілсін;

Дата публикации
24 сентября 2025