«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 12) -тармағы және
17-бабының 1-тармағы 1) тармақшасы негізінде Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Жаңадан құрылған №523 сайлау учаскесінде сайлаушылар саны
1000-нан (бір мың)-нан 2000-ға (екі мың) дейін болуына байланысты учаскелік сайлау комиссиясының сандық құрамы 7 (жеті) мүше болып белгіленсін.
- Осы шешім Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь» газетінде жариялансын.
- Учаскелік сайлау комиссияның құрамын қалыптастыру үшін осы шешім Байзақ аудандық мәслихатына және Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылсын.
Төраға Б. Кошербаев
Хатшы Б. Рахметова
Сарыкемер ауылы,
09 қыркүйек 2025 жыл
№18