Жаңадан құрылған Байзақ аудандық №523 сайлау учаскесінің сандық құрамын айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының  14-бабы 12) -тармағы және
17-бабының 1-тармағы 1) тармақшасы негізінде Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жаңадан құрылған №523 сайлау учаскесінде сайлаушылар саны
    1000-нан (бір мың)-нан 2000-ға (екі мың) дейін болуына байланысты учаскелік сайлау комиссиясының сандық құрамы 7 (жеті) мүше болып белгіленсін.
  2. Осы шешім Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь» газетінде жариялансын.
  3. Учаскелік сайлау комиссияның құрамын қалыптастыру үшін осы шешім Байзақ аудандық мәслихатына және Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылсын.

 

 

Төраға                                                               Б. Кошербаев

 

Хатшы                                                                        Б. Рахметова

 

Сарыкемер ауылы,

09 қыркүйек 2025 жыл

№18

 

 

 

Дата публикации
10 сентября 2025