Күн тәртібінде:
Сарыкемер ауылындағы атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысы ардагері Сауытбек Рыспаевтың есімін беру туралы
Тыңдалды: Е.Заурбеков– Сарыкемер ауылдық округінің әкімі: «Әкімшілік–аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктері атау беру, оларды қайта атау, сондай–ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы 211 бұйрығына сәйкес Сарыкемер ауылындағы атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысы ардагері Сауытбек Рыспаевтың есімін беру туралы ұсыныс бойынша халықтың пікірін ескеруге жиналып отырмыз. Өз ой–пікірлеріңізді ортаға салуды сұраймын.
Анықтама үшін (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі 151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы. 19–бап. Топонимикалық атауларды пайдалану тәртібі. Әкімшілік– аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай– ақ басқа да физикалық– географиялық объектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары мемлекеттік тілде жазылады).