2025 жылғы 12 қазанға тағайындалған Байзақ ауданы Бурыл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау және Байзақ ауданы Бурыл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ туралы.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына,  113-1 бабының
1-тармағына сәйкес Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.    2025 жылғы 12 қазанға  Байзақ  ауданы Бурыл ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2025 жылғы 12 қазанға  тағайындалған Байзақ  ауданы Бурыл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь» газетінде жариялансын.

 

 

Төрағаның м.а.                                                  А. Шаухаров

 

 

Хатшы                                                                 Б. Рахметова

 

 

 

Сарыкемер ауылы,

03 қыркүйек 2025 жыл

№12

1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі - әкімдерді) сайлауды тағайындау

 

Байзақ аудандық сайлау комиссиясы

03 қыркүйек 2025 жыл

 (113-1-б.)

 

2. Сайлау округтерін құру және сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, аудандық «Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь» газеті мен Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялау

 

Байзақ аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2025 жылғы 13 қыркүйектен кешіктірмей

 (22-б.)

 

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Байзақ аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей-2025 жылғы 13 қыркүйектен кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Байзақ аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2025 жылғы 18 қыркүйектен кешіктірмей  (17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Байзақ ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

  2025 жылғы 18 қыркүйектен кешіктірмей  

(23-б. 5-т.)

 

Дата публикации
03 сентября 2025