Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы туралы ақпарат

№ 120 сайлау учаскесінде Қостөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы қолданыстағы заңнамаға және белгіленген рәсімдерге сәйкес өтті.

Әлеуметтік желілерде таратылған фактілер бойынша төмендегідей хабарлаймыз:

Барлық сайлаушылар бюллетеньдерді қатаң түрде тізімдер бойынша алды. Аты-жөні өзге сайлаушылар бірдей келетін сайлаушының мәселесі жедел реттеліп, бюллетень заң талабына сәйкес берілген.

Дауыстарды қайта санау 43-баптың 7-1-тармағына сәйкес жазбаша нысанда берілген сенім білдірілген адамның өтініші бойынша мерзімінде бір рет қана жүргізіледі. Сенім білдірілген адамдардан өтініштер тіркелмеген.

Көзі нашар көретін екі сайлаушы өздері сенетін адамның көмегін кабинаға кірерде пайдаланған,  бұл «Сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 42-бабының 1-бөлігінің нормасына сәйкес келеді.

Тақтайшалардың уақытша болмауы байқаушылар мен сенім білдірілген адамдардың өз сусындарын, стакандарын және басқа да жеке заттарын орналастыру үшін оларды үстелден алып тастаған әрекеттерімен байланысты болған. Ескертуден кейін комиссия тақтайшарды дереу қалпына келтірген.

Бюллетень беру кезінде қателік жіберген хатшыға жазбаша ескерту берілген.

Байқаушылар тарапынан сайлау учаскесінде «Сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 39-бабы
2-тармағында көзделген үй-жайдағы дауыс берудi өткiзу жөнiндегi комиссия белгiлеген ережелер бұзылған.

Сонымен қатар, жекелеген байқаушылар тарапынан бұзушылықтар тіркелді, олар комиссияның жұмысына кедергі келтіріп, учаскелік сайлау комиссиясының төрағасына қатысты физикалық күш көрсеткен. Бұл факт медициналық қорытындымен расталып, полицияға берілген.

Басқа байқаушылар мен кандидаттардың сенім білдірген адамдардан шағымдар түскен жоқ.

Дауыс беру нәтижелері туралы хаттама сайлау учаскесінің ақпараттық стендінде уақтылы орналастырылды.

Дауыс беру қорытындысы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жарияланды.

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/documents/details/887677

 

Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 августа 2025