2025 жылғы 24 тамызда өткен Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 24 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Қостөбе ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 1439 азамат енгізілді. Дауыс беруге қатысқан– 465 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 10 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 4.
Қостөбе ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Асханбекұлы Асылбек үшін сайлаушылардың 15 дауысы берілді,
Жунаев Мәди Аманбайұлы үшін сайлаушылардың 207 дауысы берілді.
Куанышев Алибек Каппарович үшін сайлаушылардың 11 дауысы берілді.
Мамышев Мухтар Сырлыбаевич үшін сайлаушылардың 215 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 5.
Сайлау қорытындыларымен: Қостөбе ауылдық округінің әкімі болып Мамышев Мухтар Сырлыбаевич сайланды. 1991 жылы туған, "Жамбыл облысы маслихатының аппараты" КММ бас инспекторы, Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Үлгілі ауылының тұрғыны.
Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы