2025 жылғы 24 тамызға тағайындалған Байзақ ауданы Көптерек ауылы және Қостөбе ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі - әкімдерді) сайлауды тағайындау

 

Байзақ аудандық сайлау комиссиясы

16 шілде 2025 жыл

 (113-1-б.)

 

2. Сайлау округтерін құру және сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, аудандық «Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь» газеті мен Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялау

 

Байзақ аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2025 жылғы 26 шілдеден кешіктірмей

 (22-б.)

 

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Байзақ аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей-2025 жылғы 26 шілдеден кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Байзақ аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2025 жылғы 31 шілдеден кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Байзақ ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде - 2025 жылғы 31 шілдеден кешіктірмей

 

 (23-б. 5-т.)

Дата публикации
16 июля 2025