«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының
1-тармағына сәйкес Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 24 тамызға Байзақ ауданы Көптерек ауылы және Қостөбе ауылдық округі әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
- 2025 жылғы 24 тамызға тағайындалған Байзақ ауданы Көптерек ауылы және Қостөбе ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь» газетінде жариялансын.
Төраға Ж. Джакипбеков
Хатшы Б. Рахметова
Сарыкемер ауылы,
16 шілде 2025 жыл
№9