«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Байзақ ауданы Көптерек ауылы және Қостөбе ауылдық округі әкімдерін сайлау бойынша Көптерек ауылы және Қостөбе ауылдық округі шекараларында сайлау округтері құрылсын.
- Сайлау округтері және олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь» газетінде жариялансын.
Төраға Ж. Джакипбеков
Хатшы Б. Рахметова
Сарыкемер ауылы,
16 шілде 2025 жыл
№8