«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 заңының 36-бабының 5-тармағы 6)-тармақшасына және 6-тармағына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V ҚРЗ заңының 61-бабының 1-тармағының 11)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы
20 маусымдағы №03-4/881 және Байзақ ауданы әкімінің 2025 жылғы
01 шілдедегі №3-1244 хаттары негізінде, Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қостөбе ауылдық округінің әкімі Нургали Серикбаевич Кожабергенов 2025 жылдың 2 шілдесінен бастап өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
- Байзақ ауданының әкіміне Қостөбе ауылдық округі әкімінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс берілсін.
- Осы шешім Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсына орналастырылсын.
Комиссия төрағасы Ж. Джакипбеков
Комиссия төрағасының орынбасары А. Тулепбергенов
Комиссия хатшысы Б. Рахметова
Комиссия мүшелері Е. Абдикаримов
А. Шаухаров
З. Сатылганова
Б. Алтынбек
Сарыкемер ауылы,
02 шілде 2025 жыл
№11