2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 23,10 трлн теңгеден асты. 12 айда 4,11 трлн теңгеге немесе 21,7%-ға артты.
2025 жылдың 1 мамырына міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 22,05 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 20,4%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 661,69 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,5%. Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (39,7%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың көлемі 8,38 млрд теңге.