Байзақ аудандық мәслихатының құрамынан депутаттарды шығару туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 12)-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 5-бабы 7-тармақшасына сәйкес және «Жамбыл облысы Тараз қаласының бас жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы №44 қаулысының негізінде Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Байзақ ауданының шекарасы өзгеруіне және №7,8 бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің шекарасы Тараз қаласына өтуіне байланысты, осы сайлау округтерінен сайланған депутаттар Гульсун Алиевна Ешеева және
    Женис Турсынханович Нурбаев, Байзақ аудандық мәслихаты депутаттарының құрамынан шығарылсын.
  2. Депутаттарға тапсырылған мәслихат депутатының куәлігі және белгіленген үлгідегі омырауға тағатын белгі қайтарылып алынсын.
  3. Осы қаулы Байзақ аудандық мәслихатына және Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
  4. Осы қаулы Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсына орналастырылсын.

 

 

 

 Төраға орынбасары                                                         А. Тулепбергенов

 

 Хатшы                                                                                  Б. Рахметова

 

 

 

Сарыкемер ауылы

04 маусым 2025 жыл

№7

Дата публикации
04 июня 2025