«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 13 миллионнан аса қызмет көрсетті

«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) халықпен қарым-қатынас деңгейін жақсарту мақсатында заманауи технологиялар мен сандық шешімдерді көптеп енгізуде.  Биылғы 1-қаңтар мен ақпанның 28-і аралығында халыққа шамамен 13,7 млн қызмет көрсетілді. Жыл басынан бері көрсетілген қызметтердің 4,8 млн астамы электрондық форматта, 8,6 млн. қызмет автоматты түрде көрсетілген. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы көрсетілген қызметтер санының 98,6% тең болды. Жүзбе-жүз көрсетілетін форматта шамамен 190,3 мың қызмет іске асырылып, оның ішінде тікелей Қордың кеңселерінде 184,7 мың қызмет жүзеге асырылған.

Дата публикации
15 апреля 2025