«БЖЗҚ» АҚ «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатысушыларға 9 млн аса АҚШ долларын аударды

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асыру барысында "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 9,30 млн аса АҚШ долларына 83 937 өтініш орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 5,37 млн астам АҚШ долларына 48 626 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін шамамен 3,93 млн АҚШ долларына 35 311 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.

Дата публикации
15 апреля 2025