2025 жылғы 13 сәуірле өткен Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 13 сәуірде Жамбыл облысы Байзақ ауданы   Жалғызтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Жалғызтөбе ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар  тізіміне 1773 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1087  сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 37 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Жалғызтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Мадишев Асет Алимович үшін сайлаушылардың 163 дауысы берілді,

Тайтелиев Мейржан Сатыбалдиевич үшін сайлаушылардың 774 дауысы берілді.

Утегенов Саламат Кошкинбаевич үшін сайлаушылардың 47 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 92.

Сайлау қорытындыларымен: Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі болып Тайтелиев Мейржан Сатыбалдиевич сайланды. 1973 жылы туған, Жалғызтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл облысы Байзақ  ауданы, Жетібай ауылының тұрғыны.

 

Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
14 апреля 2025