«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабы 1-тармағына сәйкес Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 18 мамырға Байзақ ауданы Көктал ауылы, Сарыкемер және Ынтымақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
- 2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Байзақ ауданы Көктал ауылы, Сарыкемер және Ынтымақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь» газетінде жариялансын.
Төраға Ж. Джакипбеков
Хатшы Б. Рахметова
Сарыкемер ауылы,
09 сәуір 2025 жыл
№6