Байзақ ауданында Көктал ауылы, Сарыкемер және Ынтымақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                          4-тармағына, 22-бабына сәйкес Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы               ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Байзақ ауданының Көктал ауылы, Сарыкемер және Ынтымақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша Көктал ауылы, Сарыкемер және Ынтымақ ауылдық округтерінің шекарасында сайлау округтері құрылсын.
  2. Сайлау округтері және олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь» газетінде жариялансын.

 

 

Төраға                                                                  Ж. Джакипбеков

 

Хатшы                                                                  Б. Рахметова

 

 

 

Сарыкемер ауылы,

09 сәуір 2025 жыл

№5

Дата публикации
09 апреля 2025