Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Байзақ су» ШЖҚ МКК-ның директоры бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру
Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің аппараты Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Байзақ су» ШЖҚ МКК директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 21 сәуір 2025 жыл сағат 17:00 Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің аппараты. Орналасқан орны: Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы Байзақ батыр көшесі №107, каб.№23 тел.: 8(72637)2-28-11, 2-25-26. электрондық пошта: zh.asankulova@zhambyl.gov.kz.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорын тиімді жұмысты, материалдық-техникалық базасын жақсартуды және өзінің қаражаты есебінен еңбек ұжымын әлеуметтік жағынан дамытуды қамтамасыз етуге қатысты функцияларды атқарады. Кәсіпорынның негізгі мақсаты-жылу және сумен қамтамасыз ету саласында шаруашылық-коммерциялық қызметін атқару және материалдық базасын дамыту болып табылады.
Қойылған мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Электр энергиясын тиімді пайдалану шараларын қарастырады, электрэнергиясын ыстық және суық суды үнемдеуді қадағалайды, бос шығынды азайту, жұмыстың тиімділігін арттыру және материалдық-техника базасын нығайту шараларын ұйымдастырады.
Кәсіпорын басшысының негізгі қызметтік міндеттері: Кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, қабылданған шешімдерге, мүліктің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелеріне толық жауап береді. Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Ауыз сумен жабдықтау саласында шаруашылық коммерциялық қызметті жүзеге асырады. Заңдарға сәйкес ұйым қызметінің қаржы-шаруашылық нәтижелерінің орындалуын, қабылданатын шешімдердің орындалуын, оның балансындағы ұйым мүлкінің сақталуын және толық пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды. Басқа ұйымдармен немесе заңды тұлғалармен келісімшарттар жасайды. Сотта, мемлекеттік билік және басқару органдарында кәсіпорынның мүліктік және өзге де мүдделерін қорғайды және білдіреді.
Білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау және энергиямен жабдықтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасын, қорғау ережелері мен нормаларын еңбек, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік.
Требование к квалификации участников конкурса:
1) білімі жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кадрлар даярлау бағыты бойынша бизнес, басқару және құқық саласындағы (жалпы) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы (Электр энергетикасы немесе жылу энергетикасы немесе сумен жабдықтау және су бұру немесе сумен жабдықтау және кәріз немесе сумен жабдықтау, су бұру және су ресурстарын қорғау немесе сумен жабдықтау, кәріз, ұтымды пайдалану және қорғау немесе су қоры немесе жылу энергетикалық процестерді автоматтандыру немесе көлік, көлік техникасы мен технологиялары) ;
2) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлерден құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні: 2025 жылғы 07 сәуір-2025 жылғы 15 сәуір аралығында сағат 18:30-ға дейін.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда ресімделген қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);
5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) амбулаториялық-емханалық ұйымдарында қолданылатын медициналық есеп құжаттамасының нысандарына сәйкес құжатты тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген № 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариат куәландырған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.
7) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер,
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткер конкурс жариялаған Байзақ ауданы әкімінің аппаратына құжаттарды қабылдау және аяқталған күнге дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде құжаттарды ұсынады.