2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Байзақ ауданы Жалғызтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі - әкімдерді) сайлауды тағайындау

 

Байзақ аудандық сайлау комиссиясы

5 наурыз 2025 жыл

 (113-1-б.)

 

2. Сайлау округтерін құру және сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, аудандық «Ауыл жаңалығы - Сельская новь» газеті мен Байзақ ауданы әкімінің ресми сайтына  жариялау

 

Байзақ аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2025 жылғы 15 наурыздан кешіктірмей

 (22-б.)

 

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Байзақ аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей-2025 жылғы 15 наурыздан кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Байзақ аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2025 жылғы 20 наурыздан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Байзақ ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде - 2025 жылғы 20 наурыздан кешіктірмей

 

 (23-б. 5-т.)

Дата публикации
05 марта 2025