Байзақ ауданы Жалғызтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес
Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 13 сәуірге Байзақ ауданы Жалғызтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2025 жылғы 13 сәуірге Байзақ ауданы Жалғызтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы аудандық «Ауыл жаңалығы - Сельская новь» газетіне жариялансын және Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылсын.
Төраға Ж. Джакипбеков
Хатшы Б. Рахметова
Сарыкемер ауылы
5 наурыз 2025 жыл
№4