2025 жылғы 16 ақпанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ботамойнақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ботамойнақ ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 4076 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 2375 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 36 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Ботамойнақ ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Абаханов Газиз Тлеубаевич үшін сайлаушылардың 1874 дауысы берілді,
Абдурасұлов Нұралы Шарыұлы үшін сайлаушылардың 200 дауысы берілді.
Кеңесбеков Еркен Маратұлы үшін сайлаушылардың 230 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 63.
Сайлау қорытындыларымен: Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі болып Абаханов Газиз Тлеубаевич сайланды. 1979 жылы туған, Ботамойнақ ауылдық округі әкімі, Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Байзақ ауылының тұрғыны.
Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы