Мемлекет басшысының алға қойып отырған басым міндеттерінің бірі - өнеркәсіпті дамыту және инвестиция тарту.
2024 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9,4 млрд.теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 2,3%-ға артқан.
2025 жылы бұл көрсеткішті 9,7 млрд.теңге, яғни өткен 2024 жылдың кезеңімен салыстырғанда 102,5%-ға жеткізу жоспарымызда бар.
Аудан бойынша өнеркәсіп өнімін өңдейтін 20 заңды тұлға және 10 жеке кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде 7 заңды тұлға және 1 жеке кәсіпкерлік кәсіпорын тоқтап тұр.