2025 жылғы 19 қаңтарда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйтерек ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 1508 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 801 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 7 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Бәйтерек ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Жаңабеков Асқарбек Құмарбекұлы үшін сайлаушылардың 49 дауысы берілді,
Жуманов Куаныш Жетписбаевич үшін сайлаушылардың 601 дауысы берілді.
Қошанов Нурсултан Ғалымжанұлы үшін сайлаушылардың 68 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 79.
Сайлау қорытындыларымен: Бәйтерек ауылдық округінің әкімі болып Жуманов Куаныш Жетписбаевич сайланды. 1981 жылы туған, Бәйтерек ауылдық округі әкімі, Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Көкбастау ауылының тұрғыны.
Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы