Байзақ ауданы Ботамойнақ ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                          4-тармағына, 22-бабына сәйкес Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы               ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Байзақ ауданы Ботамойнақ ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Ботамойнақ ауылдық округінің шекарасында сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округі және оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ауыл жаңалығы - Сельская новь» газетінде жариялансын.

 

  Төраға                                                                  Ж. Джакипбеков

  Төраға орынбасары                                           А. Тулепбергенов

 

 

 

Сарыкемер ауылы

8 қаңтар 2025 жыл

№1

Дата публикации
08 января 2025