"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды пайдаланудың 2024 жылдың 8 айындағы нәтижесі

Бағдарламаны іске асырудағы 8 айда 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ жалпы сомасы шамамен 2,2 млн АҚШ доллары болатын 21 933 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 1,3 млн АҚШ долларына жуық сомаға 12 487 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 947,6 мың АҚШ долларына жуық сомаға 9446 өтініш орындалды. Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған қалдық сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.

Дата публикации
21 ноября 2024