АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

        Зейнетақы жүйелерінің халықаралық рейтингісінде Қазақстан белортадан берік орын алды Қазақстан басқа елдерден қандай өлшемдер бойынша басым түсті? Mercer институты CFA-мен бірлесіп, жыл сайын өткізетін Mercer CFA Institute Global Pension Index (MCGPI) зейнетақы индексінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі 24-ші орынды иеленді. Зейнетақы жүйелері кешенді түрде зерттелетін 2024 жылғы халықаралық рейтингке әлемнің 48 елі кірді. Mercer CFA институтының жаһандық зейнетақы индексі аясында жүйелерді 50-ден астам индикаторды қамтитын "Лайықтылық", "Тұрақтылық" және "Тұтастық" үш қосалқы индексі негізінде бағалау жүзеге асырылды.

Дата публикации
21 ноября 2024