Байзақ ауданы әкімінің аппаратының Байзақ ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар мен кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар туралы хабарламасы

Байзақ аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 11 қазандағы №9 «№9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы» қаулысына және №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарының 15 тармағына сәйкес, Байзақ ауданы әкімінің аппараты Байзақ ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар жөнінде хабарлайды:

 

№

Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1

Байзақ ауылы

С.Байдешова көшесi №4, «Dostyq Mart» шағын маркеті ғимаратының сол жағында

2

Ботамойнақ ауылы

С.Абланов көшесі №18 үйдің алдында

3

Үшбұлақ станциясы

Ж.Жылқыбаев көшесi №20 үйдің алдында




Байзақ аудандық мәслихатының №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

 

№

Кездесулер өткізілетін орындар

Мекенжайы

Округ №

1

"Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әль-Фараби атындағы" МКҚК-нің Байзақ ауылдық клубының ғимараты

Байзақ ауылы, С. Байдешов көшесі №30

9

 

Байзақ ауданы әкімінің аппараты

 

Дата публикации
12 ноября 2024