2024 жылғы 10 қараша Жамбыл облысы Байзақ ауданы Диқан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 1846 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1035 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс –19 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Диқан ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Диқан ауылдық округі бойынша:
Абдуалиев Жуман Ауесбекович үшін сайлаушылардың 823 дауысы берілді.
Тыныбекова Айман Танатаровна үшін сайлаушылардың 91 дауысы берілді.
Усенбаев Жасулан Амантаевич үшін сайлаушылардың 79 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 35.
Сайлау қорытындыларымен: Диқан ауылдық округінің әкімі болып Абдуалиев Жуман Ауесбекович сайланды. 1975 жылы туған, Диқан ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Аймантөбе ауылының тұрғыны.
Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы