«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) Қорда міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар және жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толған адамдардың, сондай-ақ, мүгедектігі мерзімсіз уақытқа белгіленген болса, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша алуға құқығы бар екенін ескертеді.
Естеріңізге сала кетейік, жасы бойынша зейнетақыны жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толған адамдар ала алады: ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 2024 жылы 61 жасқа толғанда.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады. Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға, ал бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты төлем алу үшін Қор бөлімшелеріне, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңба бар болса, БЖЗҚ сайты арқылы уақытылы жүгіну қажет. ХҚКО-ға қажетті құжаттар тіркелген өтінішті алушы зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын бере алады. БЖЗҚ осы мерзімді қатаң сақтауға кеңес береді. Бұл мемлекеттік зейнетақыны алу үшін өте маңызды, себебіоны тағайындау үшін ұсынылған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру қажет.