Абай болыңыздар! Алаяқтық пен алдаудың жаңа түрлері шығуда!

Құрметті "БЖЗҚ" АҚ салымшылары! Соңғы уақытта Қордың салымшыларына қатысты алаяқтық әрекеттер орын алуда. Күннен-күнге әртүрлі жаңа сценарийлер ойлап табылуда. Соңғы мысалдардың бірін келтіре кетейік.

2024 жылғы 3 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ облыстық филиалдарының біріне көп ұйымдардың бірінің есепшісі транзиттік шоттардың бұғатталуына байланысты компания қызметкерінің зейнетақы шотын бұғаттау туралы ақпаратпен "Қор қызметкерінен" қоңырау шалынғаны туралы хабарламамен жүгінді. Бұғаттауды жою үшін есепшіге "сот орындаушысымен" туындаған мәселені шешу үшін хабарласу керектігі туралы талап қойылады. "Сот орындаушысы" өз кезегінде есепшіге берешек соманы өзі көрсеткен шотқа аударуды ұсынады. Бұл әрекет орындалмаған жағдайда, компанияға зейнетақы жарналарын уақытылы аудармағаны үшін айыппұл салынатыны ескертіледі. Өз кезегінде "БЖЗҚ" АҚ филиалының қызметкерлері бұл жағдайды саралағаннан кейін, есепшіге ақша жібермеу туралы кеңестерін берді.  

Қордың қауіпсіздік департаменті тиісті ақпаратты алғаннан кейін қоңырау шалынған ұялы телефондардың нөмірлерін тексерді.  Ашық көздерден бұл нөмірлер "И. Ю." деген біреудің атына тіркелгені және "алаяқтық"деп белгіленгені анықталды.       

Дата публикации
17 октября 2024