2024 жылдың 3-5 қыркүйек күндеріаралығында "БЖЗҚ" АҚ өз кеңсесіндеNPS зейнетақыоперацияларыныңатқарушы директоры Тэ ГюДжонгбастағанКорея РеспубликасыҰлттықзейнетақықызметінің(бұданәрі-NPS) делегациясынқабылдады. Мақсат - зейнетақымен қамсыздандыру саласында тәжірибе алмасу және екі елдің зейнетақы жүйелерінің үлгілерін, сын-тегеуріндер мен өзекті мәселелерді және оларды шешудің ықтимал жолдарын, сондай-ақ,халықты зейнетақы жүйесімен барынша қамту бойынша өзара ынтымақтастық келешегін талқылау.
Кездесу барысында "БЖЗҚ" АҚ өкілдері Қазақстанның зейнетақы жүйесінің ағымдағы жай-күйі, оның құрылымы мен негізгі көрсеткіштері, демографиялық үрдістер, БЖЗҚ міндеттері, зейнетақы активтерін басқару үлгісі туралы баяндады. БЖЗҚ-ның жаһандық трендтерге сүйене отырып, халыққа қашықтықтан көрсететін қызмет арналарына және цифрлық қызметтеріне ерекше назар аударылды.