2024 жылдың 8 айындағы таза инвестициялық кіріс зейнетақы жарналарының көлемінен асып, 1,92 трлн теңгеге жетті

2024 жылдың 8 айында қазақстандықтардың таза инвестициялық кірісі шамамен 1,92 трлн теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен ол 883,05 млрд теңге немесе 85,3% артық.

 

Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен салымшылар мен алушыларға 1,91 трлн теңге мөлшерінде кіріс түсіп, 1,78 трлн теңге болатын жарналар көлемінен асты.

Тек 2024 жылдан бастап аударыла бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) бойынша таза инвестициялық кіріс 8,5 млрд теңге болды. Жарналардың бұл түрінен қалыптасқан жинақ көлемі - 140,2 млрд теңге.                

Дата публикации
17 октября 2024