«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- № 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2024 жылғы
8 желтоқсанға тағайындалсын.
- Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған Байзақ аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы аудандық «Ауыл жаңалығы» газетінде жариялансын және Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.
Төраға Ж. Джакипбеков
Хатшы Б. Рахметова