«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Байзақ аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Байзақ ауданы Диқан ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Диқан ауылдық округінің шекарасында сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округі және оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Байзақ аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ауыл жаңалығы» -
«Сельская новь» газетінде жариялансын.
Төраға Ж. Джакипбеков
Хатшы Б. Рахметова