Қазақстандықтардың 2024 жылдың 7 айындағы таза инвестициялық кірісі 1,38 трлн теңгеден асты

2024 жылдың 7 айында қазақстандықтардың таза инвестициялық кірісі1,38 трлн теңгеден асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен619,3 млрд теңгеге немесе 81,4%артық.

 

2024 жылдың 7 айында БЖЗҚ-дағыміндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы активтерінің кірістілігі осы кезеңдегі инфляция 4,7% болған кезде 7,51% көрсетті.

 

Егер зейнетақы активтерінің жылдық кірістілігін қарастыратын болсақ, онда ол 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 12,72%, ал инфляция8,6% болды.

2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ның жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің кірістілігі – 2,53%.

Дата публикации
19 сентября 2024