2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша отандастарымыздың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 20,26 трлн теңгеден асып, жыл басынан бергі 7 ай ішінде 2,4 трлн теңгеге жуық(немесе 7,7%) өсті. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі -3,9 трлн теңге(немесе 23,7%).
Қазақстандықтардың жинақтарының 96,32%-ы МЗЖ есебінен қалыптасқан, олардың көлемі 01.08.2024ж.шамамен 19,5 трлн теңге болды (бір жылдағы өсім – 23%, жыл басынан бері-12,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары - 618,14 млрд теңге, бір жылдағы өсім – 19,6%, ал жыл басынан бері 8,7% артты. Ең үлкен өсімді (жылына 47%, жыл басынан бері 26,2%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың көлемі - 6,7 млрд теңге.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 7 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 120,5 млрд теңгеге жетті.