Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Байзақ ауданының Темірбек ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы, №118, №119 учаскелік сайлау комиссияларының және Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы №137, №138 учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Темірбек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 980 азамат енгізілді, олардың -307 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 4, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 8.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Темірбек ауылдық округінің әкімі болып Утебаев Артур Туйгынович сайланды, 1988 жылы туылған, Байзақ ауданы,Темірбек ауылдық округі әкімі, Шахан ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 1135 азамат енгізілді, олардың - 636 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда -5.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі болып Прманов Аскар Кондибаевич сайланды, 1988 жылы туылған, Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі, Жаңатұрмыс ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.