2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) «БЖЗҚ» АҚ-дағы жеке және шартты шоттарында шамамен 20 трлн теңге жинақталды. Жыл басынан бері 01.07.2024ж. дейін олардың өсімі 2,1 трлн теңгеден (11,8%) асты. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, зейнетақы жинақтарының көлемі 3,9 трлн теңгеге жуық немесе 24,3% өсті.
Отандастарымыздың жинақтарының 96% МЗЖ есебінен қалыптастырылды, оның көлемі 01.07.2024ж. шамамен 19,3 трлн теңге болды (бір жылдағы өсім – 23,7%, жыл басынан бері-11,3%). МКЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы - 619,9 млрд теңге (бір жылдағы өсім – 22,9%, жыл басынан бері - 9%). Ең үлкен өсімді (жылына 48,4%, жыл басынан бері 22,5%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі - 6,5 млрд теңге.
Зейнетақы жинақтарының маңызды құрамдауышы - зейнетақы жарналары, олардың көлемі 2024 жылдың 6 айында 1,3 трлн теңгеден асқан, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 28,4% немесе 290,8 млрд теңгеге артық. Атап кетейік, өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 18,7%, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 20,3%, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 30,4% көрсетті.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 6 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 98,9 млрд теңге болды.
Жинақтардың тағы бір маңызды бөлігі - инвестициялық кіріс. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс шамамен 1,21 трлн теңгеге жетті.