"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) өз салымшылары үшін жаңа цифрлық сервистерді қолданысқа енгізуді одан әрі жалғастыруда.
Осылайша, БЖЗҚ enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы жеке кабинет арқылы алуға болатын жаңа цифрлық қызметтерді іске асырды.
Мысалы:
- зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшелері енді қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары төлемін алуға (жерлеуге) өтініш бере алады;
- БЖЗҚ салымшылары дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім бере алады, сондай-ақ, шоттардың болуы туралы анықтамаларды, МКЗЖ бойынша анықтамаларды, зейнетақы жинақтарының 50% қайтарылғанын растайтын анықтамаларды бір бөлімде қалыптастыра алады. Жаңа қызмет түрлерін рет-ретімен таныстырайық.
Зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтары төлемін (жерлеуге) алуға өтініш.
Зейнетақы жинақтары салымшының немесе алушының меншігі болып есептеледі. Тиісінше, оларды мұраға қалдыруға болады. Бірақ мұра құқығы өз күшіне енгенге дейін, салымшының/алушының отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) бар қаражаттан аспайтын көлемде зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен жерлеуге біржолғы төлем жүргізіледі.
Жаңа сервистің қолданысқа енгізілуіне байланысты, әр отбасына ауыртпалық түсіретін қиын жағдайларда жерлеуге берілетін тиісті соманы алуға өтініш беру рәсімін, енді, онлайн-форматта да іске асыруға болады. Ол үшін қайтыс болған адамның жақын туыстарына сайттағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетке кіріп, "Қызмет" бөліміндегі "Жерлеуге жәрдемақы алуға өтініш беру" ішкі бөлімін таңдау қажет. Бұдан әрі ашылған терезеде қайтыс болған адамның ЖСН енгізу қажет, онда мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде (МО АЖ) қайтыс болу туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеру және туыстық байланыстарды растау рәсімі өтеді. Егер МО АЖ-да жеке тұлғаның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаса – тиісті хабарлама шығады. Егер қайтыс болу дерегі расталса, туыстық байланыстардың бар-жоғын тексеру жүзеге асырылады. Расталған жағдайда, келесі кезеңге – алушының банктік деректемелерін енгізуге көшу орын алады. Толтырылғаннан кейін көрсетілген банктік деректемелердің дұрыстығын "тексеру" батырмасын басу арқылы тексеру және электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою қажет.
Ұялы қосымшаны пайдаланған кезде өтінішке "eGOV mobile" қосымшасы арқылы ЭЦҚ-ның көмегімен қол қою қажет.
МО АЖ-да жерлеуге ақы төлеуге өтініш білдірген адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланыстары туралы мәліметтер болмаған жағдайда, өтініш беруші растаушы құжаттарымен БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесіне жүгінуі тиіс.
Жерлеуге арналған төлемді ресімдеуге қажетті құжаттар тізбесі enpf.kz сайтындағы "Қызметтер"/Алушыларға бөлімінде орналастырылған.