"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі - 19 988,59 млрд теңге. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері[1] (бұдан әрі - ЗА) 19 838,39 млрд теңге[2] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ зейнетақы активтерінің көлемі – 98 млрд теңге.
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 52,2 млрд теңге.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
2024 жылғы 1 шілдеге МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 44,34%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,91%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4,08%, шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары – 3,73%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,89%, МҚҰ - 1,73%.
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 63,41%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 36,58%.
Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 775,76 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 357,44 млрд теңге, шетел валютасын қайта бағалаудан - 148,36 млрд теңге, өзге кірістер - 1,69 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан болған шығындар - 49,79 млрд теңге.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2024 жылғы қаңтар-маусым айларындағы жалпы кіріс оң нәтиже көрсетті.
[1] міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған
[2] зейнетақы жарналары мен төлемдері шоттарындағы ақша есебінсіз