"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды қалай пайдалануға болады: қадамдық нұсқаулық және 2024 жылдың 7 айындағы нәтиже

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балаларға теңдей етіп бөлінеді. 2024 жылғы ақпан айында 2023 жылдың қорытындысы бойынша барлық балалар үшін БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар есептелді. Ал 18 жасқа 2024 жылы толған азаматтардың нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) нысаналы жинақтар (НЖ) есептелді және төлемдер жүзеге асырыла бастады.    

НЖ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану тәртібі:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 Қаулысымен,

- "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 26 ақпандағы № 76 бұйрығымен және

- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 51 және Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2024 жылғы 12 ақпандағы № 29 "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бірлескен бұйрығымен айқындалған.

 

            Қадамдық әрекеттер алгоритмін былай ұсынуға болады:

  • 18 жасқа толған бала (НЖ алушы) не оның заңды өкілі нысаналы жинақтарды enpf.kz сайтындағы, БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинетте немесе egov.kz порталы арқылы өз бетінше тексере алады.

2023 есепті жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары көлеміндегі сома есептелгенін қосымша мәлімет ретінде хабарлаймыз.

  • НЖ алушы (не оның заңды өкілі) НЖ алушының атына АҚШ долларымен банктік шот ашатын уәкілетті операторға (УО) интернет-ресурс арқылы НЖ төлемін алуға онлайн-өтініш береді.
  • УО төлемге өтінішті қарап, мақұлдағаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға төлемге өтініш тіркелгені туралы электрондық хабарлама жібереді.
Дата публикации
20 августа 2024