Байзақ ауданының Темірбек және Жаңатұрмыс ауылдық округтерінің әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Байзақ аудандық

 сайлау  комиссиясы

 

Байзакская районная избирательная комиссия

 

ШЕШІМ

«07» 08.2024ж.

Сарыкемер ауылы

 

 

РЕШЕНИЕ

№07

село Сарыкемер

Байзақ ауданының

Темірбек және Жаңатұрмыс ауылдық округтері

әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, 2 және 4-тармақтарына сәйкес Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2024 жылғы 15 қыркүйекке Байзақ ауданында Темірбек және Жаңатұрмыс ауылдық округтерінің әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Байзақ ауданының Темірбек және Жаңатұрмыс  ауылдық округтерінің әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ауыл жаңалығы»-«Сельская новь» газетінде жариялансын.

 

 

Төраға                                                                        Ж. Джакипбеков

 

Хатшы                                                                        Б. Рахметова

 

 

 

         

Сарыкемер ауылы.

2024жылғы 07 тамыз                                                                                                                                         

№ 7

 

 

 

 

Дата публикации
07 августа 2024