Байзақ ауданының Темірбек және Жаңатұрмыс округтерінің әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

 

ШЕШІМ

 

7 тамыз 2024 жыл

Сарыкемер ауылы

 

 

РЕШЕНИЕ

 

№ 06

село Сарыкемер

 

 

Байзақ ауданының Темірбек және Жаңатұрмыс

ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша

сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 6 тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :

  1. Байзақ ауданының Темірбек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру:
  • Темірбек ауылдық округінің әкімі – Тегістік, Сарыбарақ, Шахан ауылдарының шекарасында – Темірбек сайлау округі.
  1. Байзақ ауданының Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің сайлауы    бойынша сайлау округін құру:
  • Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі - Жаңатұрмыс, Жібек жолы ауылдары, Ақшолақ теміржол бекеті, Қайнар теміржол айрығы шекарасында – Жаңатұрмыс сайлау округі.
  1. Сайлау округінің тізімі, шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ауыл жаңалығы»-«Сельская новь» газетінде жариялансын.

 

 

Төраға                                                                          Ж. Джакипбеков

 

Хатшы                                                                          Б. Рахметова

 

 

 

 

Дата публикации
07 августа 2024