Байзақ ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 04 наурыздағы  №83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы

Байзақ ауданының

Әкімдігі

қаулы

 

 

09  шілде 2024 ж.                             254

 

 

Байзақ ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 04 наурыздағы

 №83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 84,85,86-баптарына,  «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауына,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, Тараз қаласы әкімінің 2023 жылғы 17 қазандағы №3581//01-6634 хаты  негізінде,  Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. 2024 жылғы 04 наурыздағы «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №83 қаулысындағы 1-бөлігіндегі 2,3,4 тармақшаларына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

2) Жумашова Кулпаршин Жунисовна жеке меншік құқығындағы  Байзақ ауданы, Бурыл ауылдық округі, 019 есептік квартал,  шаруа қожалығын жүргізу үшін, жалпы көлемі 1,0 гектар суармалы жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 06-087-019-2036) орнына Дуванов Балгазы Якупович жеке меншік құқығындағы  Байзақ ауданы, Бурыл ауылдық округі, 019 есептік квартал,  шаруа қожалығын жүргізу үшін, жалпы көлемі 1,0 гектар суармалы жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 06-087-019-2036);

3) Жумашова Кулпаршин Жунисовна жеке меншік құқығындағы  Байзақ ауданы, Бурыл ауылдық округі, 019 есептік квартал,  шаруа қожалығын жүргізу үшін, жалпы көлемі 1,0 гектар суармалы жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 06-087-019-2037) орнына Жарылқасын Ақтөре Ардақұлы жеке меншік құқығындағы  Байзақ ауданы, Бурыл ауылдық округі, 019 есептік квартал,  шаруа қожалығын жүргізу үшін, жалпы көлемі 1,0 гектар суармалы жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 06-087-019-2037);

4) Жумашова Кулпаршин Жунисовна жеке меншік құқығындағы  Байзақ ауданы, Бурыл ауылдық округі, 019 есептік квартал,  шаруа қожалығын жүргізу үшін, жалпы көлемі 1,0 гектар суармалы жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 06-087-019-2038) орнына Тұрсын Гүлназ Жанатбекқызы  жеке меншік құқығындағы  Байзақ ауданы, Бурыл ауылдық округі, 019 есептік квартал,  шаруа қожалығын жүргізу үшін, жалпы көлемі 1,0 гектар суармалы жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 06-087-019-2038).

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Болат Мырзаханұлы Сағынбековке жүктелсін.      

 

 

Аудан әкімі                                                                       Б. Қазанбасов

Дата публикации
05 августа 2024