«БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері бойынша 2024 жылдың 1 маусымындағы негізгі көрсеткіштері: барлық өлшемдер бойынша оң өзгеріс байқалды

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша отандастарымыздың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 19,2 трлн теңгеден асып, жыл басынан бері 5 ай ішінде 1,4 трлн теңгеге (немесе 7,7%) өсті. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі 3,4 трлн теңгеден асты (немесе 21,5%).

Жалпы зейнетақы қоржынында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақ 96% асады. Оның көлемі бір жылда 21% ұлғайып, 2024 жылғы 1 маусымға шамамен 18,6 трлн теңге болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары  601,7 млрд теңгеден асты (бір жылдағы өсім – 21,5%). 2023 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда 45,6% ұлғайған ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша шоттарда шамамен 6,2 млрд теңге жинақталды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 5 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 77,5 млрд теңгеден асты.

Кіріс ағындары

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2024 жылғы қаңтар-мамырда салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналары 1 трлн теңгеден асты (өсім өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 29,2% немесе 244 млрд теңгеге артық).

Жарналардың барлық түрлері оң сипатты көрсетті: МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.06.2024 жылға дейін 954,7 млрд теңгеден астам (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,8% артық), МЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ға шамамен 47,3 млрд теңге (өсім 20,6%), ЕЗЖ - 1,2 млрд теңге (өсім 34,1%) түсті.

Дата публикации
11 июля 2024